+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ШҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды

2021 жылғы 24 қыркүйек 23:14
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО тұрғыны полицияға пара бергені үшін ұсталды ШҚО құтқарушылары пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 19 қыркүйектен бастап өңір аумағында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Соның нәтижесінде, интимді қызмет көрсетілетін 3 притон анықталды.

«Шара барысында қонақ үйлер, ойын-сауық мекемелері, монша кешендері және басқа да түрлі объектілер тексерілді. Осылайша, Семей мен Өскемен қалаларының сауналарында келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынатын әкімшілер ұсталды. Жеңгетайлықпен айналысқан олар заңсыз табыс тауып келген. Нақты айтқанда, осындай қызмет көрсеткені үшін жезөкше тапқан табыстың 30%-ын сауна әкімшісі алып отырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары. Интимді қызмет көрсететін әйелдер арнайы есепке алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT