ШҚО-да жеке инвесторлар есебінен 50 баспана салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Бірқабатты Шығыс» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«1 шілдеге дейін Өскемендегі жаңа 28-шағынауданда абаттандыру жұмыстары аяқталмақ. Мұнда 54 үй бой көтерген болатын. Биыл жеке инвесторлар есебінен тағы 50 баспана салынады. Төрт компанияның жобалары әртүрлі, әрқайсысының өзіндік стилі бар. Шағынаудан жастары мен балалары үшін футбол алаңы мен спорт нысандары да салынады», - деді ол.

«Нұрлы жол» шағынауданында биыл 7 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады. Бұған дейін жұмысы сылбыр жауапты мердігерге ескерту жасалған.

«Қазір мердігердің жұмысқа жоғары жауапкершілікпен кіріскені қуантады. Жоба ерекшелігі - ең алдымен, жоспарлаудағы ұтымды шешімі. Қасбеттері әдемі, заманауи үлгіде. Компания алдағы уақытта да тек жоғары нәтижеге жұмыс істеп, бәсекеге қабілеттілігін арттыра береді деп үміттенемін. Ең бастысы, қала мен облыс тұрғындарының көңілінен шығу», - деді Даниал Ахметов.

Бүгінгі таңда 90-нан астам пәтер банк арқылы сатылды. Жалпы, аталған шағынауданда алдағы екі жылда 42 үй мен екі балабақша бой көтереді

«Жыл сайын шаһардың бұл бөлігінде жаңа үйлер саны өсіп келе жатыр. Бұл электр және жылу желілеріне қосымша жүктеме. Осыған байланысты, №2 қазандыққа сағатына 100 Гкал өндіретін қосымша қазандық салу жобасын жасау тапсырылды», - деді облыс әкімі.



Соңғы жаңалықтар