ШҚО-да жаз басталғалы суға батып бара жатқан 21 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 21 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша суға кеткендер саны артып келеді.

Нақты айтқанда, биыл осындай 31 қайғылы жағдай тіркелген.

Оның ішіндегі 8-і – бала. Анықталғандай, барлығы жабдықталмаған жерлерге шомылуға барған.

«Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері - өз күштерін дұрыс бағаламау, жүзе алмау және қауіпті су айдындарында шомылу. Сондай-ақ алкогольді ішімдік ішу мен алыс қашықтыққа жүзудің салдарынан көз жұмғандар бар», - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен аймақтағы су айдындарында демалыс, спорт және туризм үшін 16 орын белгіленген.

Өңір мәслихаты сессиясының шешімімен 64 учаскеде шомылуға тыйым салынды.

«Осы уақытқа дейін құтқарушылар 3385 рет профилактикалық рейд жүргізді. Онда демалушыларға 74761 жадынама таратылды. Базалардың иелерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында 33 меморандум жасалған», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Оның айтуынша, облыс бойынша биылғы шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 21 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.


Соңғы жаңалықтар