ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері өңірде қалың қар жауып, қатты жел соғуына байланысты таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған байланысты «Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тасжолының маңында 3 рет жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.
«Нәтижесінде, 38 700 текше метр түсірілді. Қар толықтай жолды жауып қалған. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - делінген хабарламада.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жағдайын «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
- Өскемен мен Семей қаласындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін
- ШҚО тауларында көшкін жүру қаупі бар
- ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда
- Өскеменде пәтер өртеніп, 3 адам құтқарылды
-
Шығыс Қазақстанда вакцина алғандар саны 3 есеге өсті
-
Жаңа қаулы: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам