ШҚО-да жаппай тәртіпсіздік кезінде полицейлердің 26 көлігі зақымданды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде полицейлердің 26 көлігі зақымданды және жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтардағы экстремистер мен арандатушылардың ұйымдастыруымен болған лаңкестік шабуылдарда өңір бойынша полицейлердің 26 көлігі зақымданды және жойылды.

«Өскемен мен Семей қалаларының орталық алаңдарына барлығы 5 мыңнан астам адам жиналған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, олар жаппай тәртіпсіздікке барды. Бүлікшілер әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасап, кәсіпкерлік нысандарын, автокөліктерді зақымдады. Шабуыл барысында заңсыз сақталған атыс қарулары мен ағаштарды пайдаланған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 128 полицей мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар