ШҚО-да жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды
2022 жылғы 21 қаңтар 13:05

ШҚО-да жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында өртенген үйден екі газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қаңтарда Глубокое ауданы Бобровка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде тілсіз жау шатырдың ағаш құрылымдарын, еденді, терезе мен есік блоктарын, жиһазды және жеке заттарды шарпып үлгерген. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, үйден 2 газ баллонын алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына - пешті орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, құтқарушылар жылыту кезеңі басталғалы бері өңір бойынша 295 000-нан астам үйді аралап, 517 335 адамға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.


Jańalyqtar

MURAǴAT