ШҚО-да жанармай бекетін тонап кеткен 23 жастағы жігіт ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тонаушыны ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласындағы жанармай бекеттерінің бірінде жұмыс істейтін 47 жастағы әйел полицияға қоңырау шалған. Өз сөзінде ол бетперде киген белгісіз біреу пышақпен қорқытып, кассадан 350 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін айтты.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының полицейлері 23 жастағы тұрақты жұмыс орны жоқ жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Ұрланған ақшаның біраз бөлігі айғақ ретінде тәркіленген. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар