ШҚО-да жаңадан құрылған Самар ауданының әкімі тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімі болып Раджан Сейтқанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Раджан Қайырқанұлы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келген.

2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын инженер мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры атанды.

Еңбек жолын 2009 жылы «ШҚ АЭК» АҚ жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарі болып бастаған.

Риддер қаласы әкімдігінің «Инфросервис» МКК бас инженері болып жұмыс істеді.

2012 жылы Семей қаласындағы «Бастау-Семей» ЖШС бас энергетигі, Глубокое ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы болып еңбек еткен.

Глубокое ауданы әкімдігінің «Теплоэнергия» МКК директорының міндетін атқарды.

2014-2015 жылдары Катонқарағай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы, жетекші маманы, басшысы лауазымдарында болды.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы уақытқа дейін Көкпекті ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.


Соңғы жаңалықтар