ШҚО-да вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, эпидемиялық маусым басталғалы бері (2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 5 наурызына дейін) ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны – 50 794. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға артық.

Белгілі болғандай, көбіне 14 жасқа дейінгі балалар сырқатқа ұшырапты (61,1%).

«ЖРВИ мен тұмаудан көз жұмғандар және ауыр науқастар тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін түрлі шаралар қолға алынған. Күн сайын ЖРВИ мен тұмау ауруының деңгейі бақыланып, облыстың барлық медициналық мекемелерінде шектеу шаралары енгізілген», - деп хабарлады департамент мамандары.


Соңғы жаңалықтар