+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да вакцина салдыру көрсеткіші бойынша қай аудандар көш бастап тұр

2021 жылғы 18 қазан 10:50
Бөлісіңіз:
ШҚО-да вакцина салдыру көрсеткіші бойынша қай аудандар көш бастап тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қанша жасөспірім мен жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын салдырды Өткен тәулікте қанша  қазақстандық вакцина салдырды СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазандағы жағдай бойынша өңір жұртшылығы арасында COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар үлесі – 81,2% пайызды құрап отыр. Ал жалпы халықтың 68,1 пайызы вакцинаның екі компонентін де салдырған.

Вакцинаның екі компонентін салдыру көрсеткішінде Бесқарағай (тұрғындардың 91,3 пайызы), Үржар (90,5%) және Абай (87,2%) аудандары алдыңға қатарда. Ал ең төменгі орында – Шемонаиха ауданы тұр (53,7%). Сондай-ақ Өскемен қаласында халықтың 58,4 пайызы ғана екпенің екі компонентін алған.

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда 103 адам қауіпті дертке шалдыққан. Бүгінгі таңда облыс вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары аймақта» тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT