ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінде өткен салтанатты шарада 2020 жылдың үздік тергеушісі мен анықтаушысы марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада қылмыстық істерді сапалы әрі заңға сәйкес тергеп, сотқа көп іс жолдағандар марапатталды. Өткен жылдың нәтижелері ҚР ІІМ әдістемесі бойынша рейтингтік есептеулермен анықталған.

«Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Әлібек Серғазин Шығыс Қазақстан облысының үздік тергеушісі болып танылды. Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің анықтаушысы, полиция капитаны Дәулет Слямов Шығыс Қазақстан облысының үздік анықтаушысы атанды. Сонымен қатар Риддер қалалық Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі үздік тергеу бөлімшесі аталымында үздік шықса, Глубокое аудандық Полиция бөлімінің анықтау бөлімшесі үздік анықтау бөлімшесі атанған», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Тергеу басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры Әсел Қалиякперова мен Анықтау басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция майоры Лаура Қасымбаеваға грамота берілді.

Айта кетейік, марапаттау рәсімінде барлық санитарлық талаптар сақталған.


Соңғы жаңалықтар