ШҚО-да тұрмыстық техника тасымалдап келе жатқан жүк көлігі өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрмыстық техника тасып келе жатқан жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 желтоқсанда сағат 13.00-де «Өскемен-Алматы» тасжолының 23-шақырымында «Газель» автокөлігін жалын шарпыған.

«Қозғалтқыштың жанғыш бөліктері, алдыңғы екі дөңгелектің тысы және көліктің жүксалғышындағы кір жуғыш машиналар өртенді. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 8 шаршы метрді құраған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар