ШҚО-да түрмеге есірткі өткізбек болғандардың жолы кесілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесінде есірткіні пошта арқылы тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың біріне сәлемдеме келген. Тексеру кезінде тіс пастасының ішіне салынған ерекше иісі бар жасыл зат табылды.
«Бірден сол жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылып, бейнетүсірілім жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Оның салмағы 9,34 грамм. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді мекеме басшысы Аслан Нұрбеков.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, көбінесе түрмеге тыйым салынған заттардың ішінде телефондар, аксессуарлар және есірткі кіргізуге тырысатындар анықталады.
- ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
- Қылмыстық топ еліміздің төрт қаласына пойызбен есірткі тасымалдаған
- ШҚО-да кешелі бері жолда қалған 194 адам эвакуацияланды
- ШҚО-да зейнеткерді өрттен құтқарған полицей марапатталды
-
Карантин: Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
-
ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам