ШҚО-да темір торға аяғын қыстырып алған балаға құтқарушылар көмегі қажет болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 7 жасар бала темір торға аяғын қыстырып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Алтай қаласындағы Жақсыбаев көшесінде болған.

Ойнап жүрген бала абайсызда ауладағы темір тордың біріне аяғын қыстырып алып, өз бетімен шығара алмай қалған.

«Сол жерге №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел келіп жетті. Құтқарушылар апаттық-құтқару құралының көмегімен темір торды кеңейтіп, оқушының аяғын шығарды. Содан кейін бала бірден жәдел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте департамент мамандары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, оларға қауіпсіздік шаралары туралы жіті түсіндіру қажеттігін ескертеді.

Қандай да бір төтенше жағдай болса бірден «112» нөміріне қоңырау шалу керек.


Соңғы жаңалықтар