ШҚО-да техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қараша күні сағат 11.29-да Күршім ауылындағы Бунтовских көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясын қызыл жалын шарпыды.

«Шатырдың ағаш құрылымдары өртенген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 130 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жалынды өшіруге жеке құрамнан 14 адам мен 2 техника жұмылдырылған.



Соңғы жаңалықтар