ШҚО-да тәртіп сақшылары ет сататын сауда орындарын тексермек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ет сататын сауда орындарына тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24-28 ақпан аралығында өңірде «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өтуде.

«Мұндағы мақсат – мал ұрлығының жолын кесу және ізін ашу. Шара барысында әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерінен 40-тан астам мобильді топ құрылады. Осы уақыт аралығында мал сою орындары мен ет сататын сауда нүктелерінде тексеру жұмыстары жүргізілмек», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қоса кетсек, Өскемен қалалық әкімшілік сотының төрағасы Сайран Ибраевтың айтуынша, мал ұрлығы көбінесе ауылды жерлерде тіркеледі.


Соңғы жаңалықтар