ШҚО-да тағы 15 көпбалалы отбасы баспаналы болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында көпбалалы отбасыларға арналған 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова тұрғын үй құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйін айтып берді.
«Биыл аудан орталығы Глубокое кентінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның 45-і кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болса, қалған 15-і көпбалалы отбасыларға берілмек», - деді ол.
Бұдан бөлек, қазір Глубокое кентінде 20 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін екі пәтерлік 10 үйдің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджет қаражаты есебінен үйлерді сатып алуға 280 млн теңге, сондай–ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу үшін аудандық бюджет есебінен 28 млн теңге бөлінген.
- ШҚО-да қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті
- Елорданың орталық алаңы қалай түрленеді: Урбанистика орталығының нобайы
- Қазақстанның 11 облысында боран соғатыны ескертілді
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
-
Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
-
ШҚО-да қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам