+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

ШҚО-да су басқан ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр

2021 жылғы 9 сәуір 23:10
Бөлісіңіз:
ШҚО-да су басқан ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Бородулиха ауданы Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстандағы су тасқыны: 78 адам қаза тауып, 32 адам із-түссіз жоғалған Қытайдағы нөсер жаңбыр: 70 мың адам қауіпті аймақта қалды 8-10 мамыр аралығында Алматы өзендерінде су деңгейі көтеріледі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері Новопокровка ауылында тұрғындарды жедел эвакуациялауда.

Елді мекендегі жер үйлерді су басқан.

«Су деңгейі 10-нан 30 сантиметрге дейін жетеді. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйден эвакуацияланған азаматтар туыстарының баспаналарына орналастырылатын болды. Сонымен қатар мектепте және әкімдікте эвакуациялық пункт дайындалған» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына департаменттен, жергілікті атқарушы органнан және 68303 әскери бөлімнен 83 адам мен 19 техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жұмылдырылған.

400 дана ыдыс-қап төселді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT