+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

ШҚО-да студенттерге арналған 7 жатақхана салынып жатыр

2021 жылғы 5 тамыз 10:49
Бөлісіңіз:
ШҚО-да студенттерге арналған 7 жатақхана салынып жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында студенттерге арналған 7 жатақхана салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Мәселен, биыл облыс бойынша үш жаңа мектеп салынып жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында кәсіптік білім алатын студенттерді тәжірибеден өткізетін 10 орталық құрылмақ. Яғни, студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелерін де жетілдіріп, еңбекпен шыңдалады», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, студенттер осы арқылы оқуды аяқтағаннан кейін бірден кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алатын болады. Сондай-ақ бүгінгі таңда өңірде студенттерге арналған жеті жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT