ШҚО-да стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында ер адамның стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болғаны иісшіл иттің көмегімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Берлин» лақапатты неміс овчаркасы көлік салонында тыйым салынған заттың бар екенін анықтаған.

Шемонаиха ауданында орналасқан «Рубеж» стационарлық бекетінде «Volkswagen» автокөлігі тоқтатылды.

Сол кезде иісшіл ит көліктегі жолаушылардың бірінде есірткі болуы мүмкін екенін білдіріп, белгі берген.

Жеке тінту барысында Усть-Таловка кентінің 41 жастағы тұрғынының қалтасынан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес, жасыл түсті, өткір иісті зат табылды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1,08 грамды құраған тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.


Соңғы жаңалықтар