ШҚО-да соңғы екі күнде 20 рет дала өртенген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 20 рет шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда 20 рет шөп өртенген. Тілсіз жаудың жалпы ауданы - 309 гектарды құрады.

«Бесқарағай, Абай, Үржар, Күршім, Аягөз және Көкпекті аудандарында дала өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері және шаруа қожалықтарының жұмысшылары қатысты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бүгінде өңір өрт сөндірушілері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Аймақтағы құрғақ, ыстық ауа райы жағдайды қиындатып тұр. Құтқарушылар күн сайын 10-15 рет тұтанған шөпті сөндіруге шығады.


Соңғы жаңалықтар