ШҚО-да соңғы бес жылда түлектердің шетелге оқуға түсуі 4,5 есе азайған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда түлектердің шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсуі 4 жарым есе азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы халық алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Биыл көптілді білім беруді енгізу бағдарламасының жаңа кезеңі басталды. Бұл мақсатта өңірде 1 млрр теңге қарастырылған. Бірінші кезең бойынша 3,7 мың мұғалім тілдерді оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін 14%-дан 89%-ға дейін көтерді. Соның нәтижесінде оқушылардың білім сапасының орташа көрсеткіші 20%-дан 53%-ға дейін өсті. Осы жылы тағы 1,3 мың тіл маманы біліктілігін арттырады. Сондай-ақ облыстың барлық мектептерінің IT сыныптарында алгоритмдік ойлау мен заманауи компьютерлік жүйелерді дамыту үшін цифрлық өнімдерді жасаудың тереңдетілген бағдарламасын енгізу жалғасын таппақ», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда 2 мыңнан астам педагог бағдарламалау (Python, Flask), робототехника (Arduino, IoT) және 3D модельдеу (Blender) бойынша даярлықтан өтті. 2021 жылы облыс мектептері дидактикалық электронды материалдармен, робот-конструкторлармен және дрондармен жабдықталатын болады.

Жаңа жабдықтармен жұмыс істеу үшін 600 информатика және физика мұғалімін курстық даярлаудан өткізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар «Жас Маман» кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағытта 5 базалық колледж жанынан құзыреттілік орталықтар құрылған. Биыл тағы да осындай 5 орталық ашылады.

Облыс әкімінің айтуынша, «Білікті маман» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде соңғы 5 жыл ішінде түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына түсу деңгейі 4,5 есеге азайған.


Соңғы жаңалықтар