ШҚО-да соңғы алты күнде 138 қылмыс тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы алты күнде 138 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір полицейлері қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу мақсатында 19 қаңтардан бастап күшейтілген режимде жұмыс істеуде. «Алты күн ішінде облыс аумағында 138 қылмыс тіркелді. Оның 93-і ашылып, қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ бұрын жасалған 42 қылмыс ашылып отыр. Бұдан бөлек, 2533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі сынды фактілер бар», - делінген ақпаратта.

Мас күйде көлік тізгіндеген 27 жүргізуші ұсталған. Учаскелік полиция инспекторлары 1160 жалдамалы пәтерді, 72 қараусыз қалған үйді және 1747 саяжайды тексерді.


Соңғы жаңалықтар