ШҚО-да соңғы 5 жылда жеке кәсіпкерлердің 11 мың жобасына қолдау көрсетілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында соңғы бес жылда жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы кезең ішінде өңір бойынша бизнес өкілдері тарапынан 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Кәсіпкерлер палатасы олардың әрқайсысымен жіті танысып, құқығы бұзылғандарға көмек көрсетті. 2019 жылдың өзінде ғана-ақ заңды аттаған 104 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

«Бес жыл ішінде жер ресурстары саласында 6 интерактивті карта әзірленді. Жеке кәсіпкерлердің 11 мың жобасына қолдау көрсетілген. Адами капиталды дамыту мақсатында мектептерде кәсіби бағдарлауға арналған 122 кеңсе құрылды. Мемлекеттік тапсырыстың 53%-дан астамы техникалық және инженерлік мамандықтарға бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 5 мыңнан астам адам білім алды. Өткен жылы палата арқылы көпбалалы отбасыларға, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бизнес ашу үшін 2 мыңнан астам грант бөлінген», - дейді палатаның баспасөз хатшысы Христина Дорошенко.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 2017 жылдан бастап жиһаздарға барлық мемлекеттік тапсырыс тек жергілікті өндірушілерге берілуде.


Соңғы жаңалықтар