ШҚО-да соқтығысқан екі көлік жыраға құлады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Алтай-Зубовск» тасжолының 14-ші шақырымында болған.

«Жолда келе жатқан Chevrolet Niva және Toyota Windom маркалы көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан екі көлік те жыраға құлаған. Оқиға орнына жәдел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар дереу келіп жетті. Медицина қызметкерлері екі адамды өз беттерімен көліктен шығарған. Ал қыстырылып қалған тағы бір азаматқа құтқарушылардың көмекі қажет болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер Алтай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар