+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

ШҚО-да сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна пішенді өртеп жіберді

2020 жылғы 22 қыркүйек 10:22
Бөлісіңіз:
ШҚО-да сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна пішенді өртеп жіберді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна пішенді өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда студенттер жатақханасынан өрт шықты Алматыдағы автосервисте 9 көлік өртеніп, 3 көлікке нұқсан келді БҚО-да үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шар қаласында балалар шөп қорада ойнап жүрген. Пішен қораның төбесіне және жанына жиналған. Куәгерлердің айтуынша, сіріңкемен ойнап жүрген 6 жасар бала байқаусызда шөпті өртеп жібереді.

«Өрт сөндірушілер 6 минут ішінде оқиға орнына келіп жетті. Олар бір жарым сағаттан астам уақыттың ішінде тілсіз жауды толықтай ауыздықтап, өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД ата-аналарға балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын, өрттің адам өміріне аса қауіпті екендігін түсіндіру қажеттігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT