17:13, 20 Қыркүйек 2021 | GMT +6
ШҚО-да шектеу шаралары 4 қазанға дейін ұзартылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 4 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 4 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 17,3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,844.
Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.