ШҚО-да шектеу шаралары 28 сәуірге дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 28 сәуірге дейін ұзарталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 28 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,4%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,072 .

«Сондай-ақ осыдан былай медицина қызметкерлері еңбек демалысына, іс сапарға, науқастануына және басқа да себептерге байланысты 5 күнтізбелік және одан да көп күн жұмыс орнында болмаған жағдайда профилактикалық мақсатта COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтетін болады», - делінген құжатта.


Соңғы жаңалықтар