ШҚО-да сел және лай көшкіні қаупі бар кезең басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сел тасқыны және лай көшкіні қаупі бар кезең басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 146 мұздық көлден сел қаупі бар. Оның 98-і Катонқарағай ауданында, 16-ы Зайсан қаласында, 2-уі Үржар ауданында және 30-ы Риддер қаласында орналасқан. Олар 13 елді мекенге қаупі бар (Зайсан қаласы, Сарытерек, Катонқарағай, Аршаты, Өрел, Берел, Кутиха, Қазымбет, Науалы, Қаратөбе, Қызыл кесік, Тұғыл және Маңырақ ауылдары) сел тасқынының 23 ошағын туындатып отыр.

Сондай-ақ облыстың 4 ауданындағы 9 өзенде лай көшкіні қаупі бар. Бірақ тоғызы түгелдей елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Риддер қаласындағы - 1, Алтай ауданындағы - 2, Катонқарағай ауданындағы - 3 тасжол учаскесінде және «Өскемен-Алтай» теміржолында лай көшкіні қаупі сезіледі.

«Соған орай мамыр айының ортасынан Шығыс Қазақстан аумағында 13 бақылау бекеті жұмыс істей бастады. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері он күн сайын сел және лай көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізетін болады. Сондай-ақ мұздық көлдердің жай-күйіне, Громотуха, Бұқтырма, Ақ Үбе, Тұрғысын өзендері бассейндерінің сел қаупі бар учаскелеріне әуеден барлау жасалады», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, биылғы 15 мамырда Алматы облысының Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен болатын. Сол күні кешке баланың мәйіті лайлы үйінді астынан табылды.


Соңғы жаңалықтар