ШҚО-да салық төлеуден жалтарған компания мемлекетке 1,9 млрд теңге шығын келтірген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 1,9 млрд теңге сомасындағы залал өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстағы акционерлік қоғамға қатысты ірі көлемде салықтан жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Салық төлеуден жалтарған сома - 1,4 млрд теңге, ал уақтылы берешекті төлемеу салдарынан есептелген өсімпұл - 500 млн теңге болды.

Тергеу барысында акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары мемлекетке 1,9 млрд теңге төленбеген салық түріндегі залалды толық өтеді.

Кінәсін толық мойындап, шығынды толығымен өтеуіне байланысты қылмыстық іс қысқартылды.


Соңғы жаңалықтар