ШҚО-да полиция 700 мың теңге алимент төлемей қашып жүрген адамды елордадан тапты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында баласына 700 мың теңге алимент төлемеген ер адам елордаға қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз қалалық ПБ көші-қон қызметі бөліміне сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Онда жазылғандай, 34 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген. Жалпы қарыз мөлшері – 700 мың теңгеге жетті.

«Іздестіру шараларын жүргізген көші-қон қызметінің мамандары құқық бұзушыны Нұр-Сұлтан қаласынан анықтады. Оған қатысты жиналған материал ақшаны өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілді», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері алимент төлемей жүрген 300-ден астам адамды тапты.


Соңғы жаңалықтар