+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

ШҚО-да полицейлер ауыл шетінде өсіп тұрған 3 гектар қарасораны өртеп жіберді

2021 жылғы 30 шілде 09:04
Бөлісіңіз:
ШҚО-да полицейлер ауыл шетінде өсіп тұрған 3 гектар қарасораны өртеп жіберді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында полиция қызметкерлері ауыл шетінде өсіп тұрған 3 гектар қарасораны өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері 56 адам иіс тип, көз жұмды ШҚО-да жеңіл көлік салонына ұрланған жылқыны тірідей салып алған ер адам ұсталды ШҚО-да етті қарызға беремін деп алданған сатушы 2 млн теңге жуық шығынға батты

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусым мен 30 қазан аралығында өңір бойынша «Қарасора» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

«Шара аясында Первомайское және Усть-Таловка кенттері, Убинка, Выдриха, Расыпное, Красная Шемонаиха ауылдарының іргесінде өсіп тұрған үш гектар қарасора жойылды. Бұндағы мақсат - есірткі саудасының алдын алу», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары ауылшаруашылық алқаптарында және ұйымдардың аумағында өсіп тұрған қарасораны жоймағандар әкімшілік жауапқа тартылатындығын ескертті. Жеке тұлғалар үшін айыппұл - 10 АЕК, ал заңды тұлғаларға - 40 АЕК-ті құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT