ШҚО-да перзентханаларды жабдықтауға 5 млрд теңге бөлінеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында перзентханаларға заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға 5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Шығыс Қазақстан аудандарында босандыру қызметін көрсетуді жаңғырту бойынша кезекті кеңес өткіздім. Биыл бұл – өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудағы негізгі бағыты. Перзентханаларды жоғары сапалы медициналық жабдықтармен жабдықтауға бес миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар перзентханалар орналасқан кейбір медициналық мекемелерге күрделі жөндеу қарастырылған. Қазір сметаға түзету енгізілуде, бір аптадан кейін дайын болуы тиіс», - деді ол.

Осы кешенді шаралар әйелдерге өз ауылынан жүздеген шақырым қашықтыққа сабылмай, сол жерде босануына жағдай жасайды.

«Жүйені модернизациялау салмағы бір жарым келіден асатын нәрестелерді күтуге, ауыр жағдайдағы әйелдерді босандыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Өскемен мен Семейдің перинаталдық орталықтарын да қосымша жабдықтау үшін қаражат бөлінеді», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар