ШҚО-да өзендердің бірінде тағы да балық қырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына 18 сәуірде Шар өзенінде балықтың қырылғандығы туралы ақпарат келіп түскен.

«Аталған су қоймасы «Ақтайлақ» шаруа қожалығының қарамағына бекітілген. Сол жерге келіп жеткен мамандар өлі балықтардың жағалаудан 800 метрдей қашықтықта жатқанын көрді. Қырылған балықтың жалпы салмағы – 450 келі. Көзбен шолу кезінде балықтарға қандай да бір зақым келгені анықталған жоқ», - делінген инспекция өкілдері таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Өзеннің орталық бөлігінде су тереңдігі 80 сантиметр ғана. Алдын ала мәлімет бойынша балықтың қырылуына су қоймасының таяз жерлерінің қатуы себеп болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ертіс өзенінде балық қырылғандығы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар