ШҚО-да өртенген үйде қалып қойған ер адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған жер үйде қалып қойған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 желтоқсанда сағат 01.33-те Бесқарағай ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде дәлізді, есікті және үй шатырының ағаш құрылымдарына жайылған жалынның жалпы аумағы 60 шаршы метрге жетті.

«Құтқарушылар өртенген үйден 1957 жылғы ер адамды алып шықты. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ үй ішінен 1 газ баллоны шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер тілсіз жауды толықтай ауыздықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына пеш жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар