+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

2021 жылғы 17 қыркүйек 19:27
Бөлісіңіз:
ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру көлігіне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау үшін рейд жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кейбір азаматтар өрт сөндіру көліктерінің қозғалысына кедергі келтіріп жатады. Міне соның салдарынан құтқарушылар алтынға бергісіз уақытты жоғалтады.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Өскемен, Семей, Риддер және Алтай қалаларында арнайы рейд өткізілді. Шараға департамент мамандары мен полиция қызметкерлері қатысты. Бұл жолы көлік көп жүретін жолдар таңдалып алынды.

«Рейд нәтижесінде Өскеменде – 1, Риддерде – 4 және Алтайда – 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Семейде – 3, Алтайда – 5 адамға ескерту жасалды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT