ШҚО-да мереке қарсаңында 50 нәзік жанды полицей марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 50-ден астам әйел полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті. Департаменттің салтанатты залында басшылық пен жеке құрам жиналды.

«Әйел полицейлерді марапаттау туралы мерекелік бұйрықтарға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығы қол қойды. Шара барысында 50 нәзік жанды полицей марапатталды», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, қазіргі таңда ШҚО Полиция департаментінде күн сайын өңір аумағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін 800-ден астам әйел сақшы қызмет етеді.

«Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті ерлермен теңдей бөлісе отырып, Сіздер қауіпсіздікті қамтамасыз етудесіздер. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда еңбектеріңіз зор», – деп атап өтті департаменттің ер-азаматтары.


Соңғы жаңалықтар