ШҚО-да мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясындағы бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерді дамытудың» жаңа бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан жоғары технологиялық мен ғылыми өндіріс орталығына айналмақ.

«Бүгінгі күні өңір металлургия саласында жетекші рөл атқарады. Облыста ғылым мен өндірістік жұмыстарды дамытуға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясында бірқатар жобалар қолға алынған. Атап айтсақ, ірі кәсіпорын базасының бірінде тантал импланттары өндіріліп, заманауи медицинаға қажетті техника жасалады. Бұл Шығыс Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сондай-ақ шекаралық аудандарды дамытып, аталмыш аумақтарды инвестиция тарту орталықтарына айналдыруға баса назар аударылып отыр.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан республикада бірнеше жыл бойы мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту бойынша көш бастап келеді. Осы мақсаттағы жұмыстар өңірде Президент тапсырмалары бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында мектепке дейінгі мекемелер құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар