ШҚО-да мас жүргізуші көше шамының бағанасына соғылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылында ішімдік ішіп рульге отырған ер адам көше шамының бағанасына соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 58 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде Daewoo Nexia маркалы көлікті тізгіндеген.

«Рульге ие бола алмай қалған ол көше шамының бағанасына соғылды. Осының салдарынан 200 мың теңге мөлшерінде шығын келген. Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің орташа деңгейде мас болғанын көрсетті. Сондай-ақ ер адамның өткен жылдың наурыз айында Көкпекті аудандық сотының шешімімен үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар