ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топтың жолы кесілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Шара барысында тәртіп сақшылары 5 ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар бұрын жасалған тағы 13 істі ашқан.

«Мал ұрлағаны үшін 15 күдікті ұсталып, 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Ет өнімдерін тасымалдайтын 304 автокөлік, 172 шаруа қожалығы мен ет сататын 50-ден астам орын (базарлар, дүкендер, павильондар) тексеруден өтті», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Нәтижесінде ветеринария саласына қатысты 13 заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде 9-ы мал мен ет өнімдерін тасымалдауға, 4-і сатуға қатысты болып отыр. Жайылым ережелерін бұзғаны үшін 76 мал иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар