ШҚО-да қыс басталғалы 70 автобус жолда қалған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қыс басталғалы бері 70 автобус жолда қалған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Шығыс Қазақстанда биылғы қыста қалың қар мен бұрқасынның салдарынан алыс жолға шыққан автобустар сапарларын жалғастыра алмай, жолда қалуда.

«Қыс басынан бері түрлі бағыттағы 70 автобус қолайсыз ауа-райының салдарынан Аягөзде тоқтауға мәжбүр болды. Жолаушылар арнайы дайындалған орындарға жеткізілген», - деп мәлім етті ШҚО әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы рет 25 қаңтар күні сағат 20.30-да «Аягөз-Алматы» тасжолы жабылғандықтан «Семей-Мақаншы», «Семей-Барлық-Арасан», «Семей-Талдықорған» бағыттарындағы автобустар Аягөз қаласында қалып қойды.

«Олардың ішінде болған 71 адамның 8-і қонақүйге, 3-уі туыстарының үйіне қонса, қалғандары Аягөздегі спорт мектебіне орналастырылған. Жолаушылардың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді» - делінген мәліметте.




Соңғы жаңалықтар