ШҚО-да құтқарушылар 2 ірі өртті сөндірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер өткен тәулікте 2 ірі жалынды ауыздықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде болған. Өрт бірқабатты монша кешенінде шықты.

«Шатырдың ағаш құрылымдары мен шаруашылық құрылыстарды шарпыған тілсіз жаудың жалпы ауданы 84 шаршы метрге жеткен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай өшірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жарма ауданындағы теміржол аумағында сақталған шпалдар жанып кетті. Өрт сөндірушілер 63 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды жылдам сөндірді. Өрттің шығуына – отты пайдалану кезіндегі абайсыздық себеп болып отыр.


Соңғы жаңалықтар