ШҚО-да күн сайын 100 мың дана медициналық маска шығарылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тәулігіне 100 мың дана қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығарылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін Семей қаласында бірнеше мәрте қолданылатын маскаларды шығару барысымен таныстым. Тәулігіне 100 мың дана жасауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 15 күн ішінде облысты түгел қамтамасыз етеміз. Кәсіпорындар алдында қысқа мерзім ішінде кем дегенде 6 миллион маска жасау міндеті тұр. Шикізат мәселесі шешілді», - деді әкім.

Өндірістің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары орындамақ. Атап айтқанда, «Семейспецсанб», «УК Юнис» мекемелері. Бұдан бөлек, облыстың тағы 10 кәсіпорынымен келісімшарт жасалынған. Бүгіннен бастап олар тәулік бойы жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар