ШҚО-да коронавируспен ауырғандар саны 5,3 есеге өскен - Даниал Ахметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде 135 ауырған жағдай тіркелсе, оның 66-сы симптомды, 69-ы симптомсыз. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы COVID-19 жағдайы туралы тікелей эфирде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш ай көлемінде ел ішінде адамдар аз ауырған облыстың бірі болдық. Біз бұл жағдайдың ең қиын ағымына дайындықты бастаған едік. Бірсыпыра қажетті жабдықтарды сатып алдық. Науқастар саны күрт өскен кезде қажет болатын инфекция және правизорлық төсек орындарды дайындадық. Ең алғашқы «А» жоспары бойынша әзірленген алгоритмге сәйкес облыста бірінші коронавирус тіркелген кезде 100 инфекциялық, 411 правизорлық, 500 карантин орны ашылды. Біз эпидемияның таралу ауқымын болжай отырып «Б», «С» және «Г» жоспарын әзірледік», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, ауруханалардағы төсек-орын тапшылығына жол бермеу мақсатында алгоритм бекітілген.

«Мысалы, қазіргі кезде инфекциялық ауруханада 1 770 орын, 1 896 провизорлық орын және 2 590 карантин орны бар. Бүгінде облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 313 жағдай тіркелген. Оның 1 242-і - симптомды, 1 071-і - симптомсыз. Ауырғандар саны бір ай ішінде 5,3 есеге өскен. Бір тәулік ішінде 135 ауырған жағдай тіркелсе, оның 66-сы симптомды, 69-ы симптомсыз. Семей қаласында ауырғандар саны азайғанын, ал Өскеменде көбейіп келе жатқанын байқап отырмыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар