ШҚО-да коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Семей қаласы көш басында тұр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Семей қаласы көш басында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір 15 сәуірден бастап «сары» аймаққа кірген. CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының қамтылу пайызы – 6,2%, R – сырқаттанушылық көрсеткіші – 1,182 құрап отыр.

«Вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бірінші орында – Семей (39) тұр. Одан кейін Өскемен қаласы (25) орналасқан. Қауіпті дертке шалдығу деңгейі өткен тәулікпен салыстырғанда 70 жағдайға асқан. Яғни 13 сәуір күні 25 жағдай тіркелсе, 14 сәуірде 95 адам вирус жұқтырды. Олардың ішінде ошақтар саны – 92, байланыста болғандар саны – 279. Барлық 279 адам үйде оқшауланып, медициналық бақылауға алынды», - делінген ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада..

Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда карантиндік шектеулерді қатаңдату шаралары 5 күн ішінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 05.03.2021 жылғы №10 қаулысындағы 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар