ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жеке деректерін таратқандар іздестірілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы дертке шалдыққан 2 адамның жеке деректерін әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде таратқандар жауапқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері интернетте жеке деректерді таратқандарды анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізуде. Заңсыз әрекетке жол бергендердің барлығы жазаға тартылады», - делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Семей қаласының 2 тұрғынынан коронавирус анықталды. 1959 жылғы ерлі-зайыптылар 21 наурыз күні елімізге «Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Cұлтан» рейсімен оралып, ары қарай өз көліктерімен Семейге жеткен.


Соңғы жаңалықтар