ШҚО-да коронавирус жұқтырған пациенттерге қандай дәрілер тегін беріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы дертке шалдыққан науқастарға бірқатар дәрі тегін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, амбулаторияда емделетін коронавирус жұқтырған жеңіл дәрежелі пациенттер дәрігердің тағайындауы бойынша парацетамол және ибупрофен сияқты ыстықты түсіретін дәрілерді тегін алады.
«Ал пневмония тіркелген, денсаулық жағдайы нашарлауы ықтимал науқастарға ривароксабан, апиксабан және дабигатран сияқты дәрілік препарат тегін беріледі. Стационардағы пациенттер коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына сәйкес бюджет қаржысымен емделеді», - дейді Думан Берікұлы.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда науқастарға 350 дозадан астам иммун плазмасы құйылғаны хабарланған.
- Дәрігер коронавирустың адам өкпесіне тигізетін әсері туралы айтты
- Әзербайжанда карантин режимі жеңілдеді
- Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды
- ШҚО-да қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті
-
Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
-
Карантин күшейтілген кезде Бурабай курортына баруға бола ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам