ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастар туралы айтылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш күнде 3 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде екі жасөспірім бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Семейде 2007 жылы туған тағы бір оқушыда коронавирус анықталған болатын. Ол – бұған дейін осы диагнозбен стационарға түскен 2006 жылғы науқастың інісі. Қазірде инфекциялық стационарда жатқан науқастың жағдайы орташа. Осымен аймақ бойынша жұқпалы індетке шалдыққандар саны 6 адамға жетіп отыр.

Облыс әкімдігі тұрғындардың үйде болуларын, қажетсіз сыртқа шықпауларын сұрайды. Әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көшеде және үйде жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажет.

Қазірде Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізілген. Осының нәтижесінде көлік ағыны мен далада жүрген тұрғындар саны 50% дейін азайды.

«Әлем бойынша коронавируске қарсы вакцина әлі табылған жоқ. Өзін-өзі оқшаулау және үйде болу COVID-19 вирусын жұқтырмаудың жалғыз тиімді әдісі болып отыр», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар