ШҚО-да коронавирус стационарлары 17% жүктелген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 17% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 54 адам тіркелді. Оның ішіндегі 51 науқаста симптом бар болса, 3 адам сырқатын симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 44 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 6 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 486 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 17% құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандар саны 80 мыңға жуықтағаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар