ШҚО-да коронавирус стационарлары 12,3% жүктелген

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 12,3% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 354 адам тіркелді. Оның ішіндегі 298 науқаста симптом бар болса, 56 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 40 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 251 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 12,3 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 11862 адамның коронавирусқа шалдыққаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар